Solva жаңа акционерлерден бизнесті дамытуға 1,18 млрд теңге инвестиция тартты

Инвестициялар кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға арналған жаңа өнімдерді іске қосуға, сондай-ақ технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталады.

Solva финтех-платформасы (Solva Group LTD) компанияның капиталына бұған дейін кірген стратегиялық инвестор AG Holding холдингінен 1,18 млрд теңге (2,5 млн доллар) көлемінде қосымша капитал тартты.

Solva CEO-сы Павел Кравченконың айтуынша, бұл мәміле акционерлер Стратегиясының бір бөлігі болып табылады және топтың технологиялық трансформациясына қосымша серпін береді:

«AG Holding тарапынан салынған инвестиция бизнесіміздің тұрақтылығын және серіктестеріміздің бізге деген сенімін растайды. Тартылған капитал бизнесті кеңейтуге, кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға арналған жаңа өнімдерді іске қосуға, сондай-ақ технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталады».

Solva Group LTD — АХҚО юрисдикциясында тіркелген, Solva финтех-бизнесін басқаратын холдингтік компания. Қазақстандағы операциялық құрылымы — «ОнлайнКазФинанс» микроқаржы ұйымы» АҚ. Компания 2016 жылдан бері жұмыс істейді, еліміздегі банктік емес кредит берушілердің топ-5 құрамына кіреді және Қазақстанда корпоративтік облигацияларды орналастырған алғашқы МҚҰ.

+7 705 957 77 70

Күнде 9:00 бастап 20:00 дейін

Ақша алу