Қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл
Маған микрокредитті ақшаға ресімдеп/мақұлдап беру ұсынылып жатыр, не істеймін??
Белгілі бір төлемақыға микрокредитті ресімдеп беруге уәде беретін тұлғалар -алаяқтар, олар Сіздің сенгіштігіңізді, қаржы технологиялар мен заңды жетік білмегендігіңізді пайдаланып, заңсыз пайда табуда! Сізден заңсыз ақша талап ету мәселесіне қатысты тұрғылықты жеріңіздегі құқық қорғау органдарына жүгінуіңізді сұраймыз, сондай-ақ sb@kengo.kz электрондық поштасына хабарлаңыз, құпиялылықтың сақталуына кепілдік береміз.
Kengo-де микрокредитімнің барын білдім, бірақ мен оны ресімдеген жоқпын, не істеймін?
- Белгіленген үлгідегі өтінімді толтырыңыз, оны сілтеме бойынша жүктеңіз
- sb@kengo.kz электрондық поштасына жіберіңіз
- Алаяқтық фактісі бойынша келесі байланыс арналары бойынша хабарлаңыз: sb@kengo.kz
Өтінішіңіздің негізінде қызметтік тексеріс өткізіледі, оның нәтижесі бойынша мәселенің мәніне қатысты шешім шыққанша, пайда болған қарызды өндіріп алуға бағытталған процедураларды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданады.
Жемқорлыққа қарсы күрес
Жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар мен алаяқтық фактілерінің алдын алу немесе оларды анықтау мақсатында Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, соның ішінде Компания контрагенттері Компанияның кез келген лауазымды тұлғасы, қызметкері, Компания контрагентінің лауазымды тұлғасы, қызметкері, өкілі тарапынан жасалған, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық пен алаяқтық жөнінде өздерінің күдіктері туралы немесе басқа тұлғалардан алынған ақпаратты Қауіпсіздік қызметіне хабарлауға міндетті. Жемқорлықтың мүмкін немесе белгілі жағдайлары туралы шағымданушының аты-жөні және тегі (бар болса) көрсетілген хабарламалары Қауіпсіздік қызметіне құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ететін төмендегі кез келген байланыс арналары арқылы жіберілуі мүмкін:
1) электрондық пошта: sb@kengo.kz.
2) пошталық мекенжай:Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы., Сейфуллин даңғылы, 502, «TURAR» БО, 9 қабат, Ішкі және экономикалық қауіпсіздік қызметі бөлімі.
3) сенім телефоны: +7 701 407 58 18
Кибергигиенаны қалай сақтау керек?
Бұл ескертпе сіздің жеке мәліметтеріңізді киберқылмыскерлерден сақтап, интернетті қауіпсіз қолдануға үйретеді.
Кибергигиена дегеніміз не?
Кибергигиена– бұл алаяқтардың құрбаны болмас үшін, сондай-ақ құпия мәліметтерді қылмыскерлерден сақтап қалу үшін интернетте қауіпсіз жұмыс жасауға ықпал ететін пайдалы дағдыларды қалыптастыру.
Құпиясөзді қауіпсіздікте сақтаңыз
- Бірнеше қосымша (әлеуметтік желі, мобильді банкинг және т.б.) үшін бір ғана құпиясөзді қолданбаңыз.
- Құпиясөздерді тұрақты түрде өзгертіп отырыңыз.
- Құпиясөзді күрделі етіп құрастырыңыз, ол бас және жол әріптерден, таңбалар мен сандардан құралуы тиіс.
Жеке мәліметтеріңізбен бөліспеңіз
- Әлеуметтік желіде жеке ақпаратыңызды жарияламаңыз, яғни мекен-жайыңызды, геолокацияңызды, жеке суреттеріңізді, телефон нөміріңізді, банктік картаңыздың мәліметтерін көрсетпеңіз.
- Әлеуметтік желідегі құпиялылықты тексеріп, жеке мәліметтеріңіздің көпшілікке айқын болмағанына көз жеткізіңіз.
- Жеке мәліметтеріңізді сұратып жататын онлайн-викториналарға, ойындарға және сауалнамаларға қатыспаңыз.
- Қолданыстағы қосымшалар мен сайттарда сұралатын рұқсаттарға абай болыңыз. Оларға орналасқан жеріңізді және камераңыздағы суреттерді көрсетуге рұқсат беруге болмайды.
- Барлық онлайн-транзакцияларды қауіпсіз сайттарда жасаңыз, олардың веб-мекенжайларының басында http:// емес, https:// болады.
- Мобильді банкингті пайдалану барысында Wi-Fi жария желісіне қосылмаңыз. Мысалы, қонақүйлердегі және басқа да демалыс орындарындағы осындай желілердің осалдығы киберқылмыскерлердің назарында жиі болады.
Әлеуметтік инженерияның айла тәсілдерінен сақ болыңыз
Әлеуметтік инженерия – алаяқтардың құпия және жеке ақпаратты алу үшін қолданатын психологиялық және әлеуметтік тәсілдері.
- Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз:
- Мекенжайы дұрыс болып көрінгенімен, бірақ атауында қате болады (әріптердің бірі таңбаға ауыстырылған, олардың қолдану тәртібі өзгертілген және т.б.) – мысалы gogle.com.
- Сайттың атауында әріптер немесе сандар күрделі құрастырылған – мысалы, qwertty2345new.kz.
- Сайт дизайны таныс брендтің сайтына ұқсас келгенімен, шрифтер мен түстерінде немесе логотипінде айырмашылықтар бар.
- Күмән тудыратын немесе бейтаныс мекенжайдан келген хаттар мен тіркелген ақпаратты (лотерея ұтысы немесе мұраға ие болу, верификациялау кодын растау және т.б. туралы хабарламаларды) ашпаңыз.
- Ақшалай ұтыс пен үлкен жеңілдіктерге уәде беретін хабарламаларды кіріп қарамаңыз.
Антивирусты орнатыңыз
- Антивирус – қондырғыларыңыз бен жеке мәліметтеріңіздің сенімді қорғаушысы. Лицензиясы бар және өзін жақсы танытқан антивирустық бағдарламалық жасақтаманы қолданыңыз, ол вирустар мен басқа зиянды бағдарламаларды тауып, жояды.
Қосымшалар мен бағдарламалық жасақтаманы жаңартып отырыңыз
- Мүмкін болатын қауіпсіздік ақаулықтары жойылған соңғы нұсқауларды қолдану үшін қосымшаларды, браузерлерді, операциялық жүйелер мен бағдарламалық жасақтамаларды тұрақты түрде жаңартып отырыңыз.
- Қолданбайтын қосымшаларды жойып отырыңыз.
- Қосымшаларды тек сенімді ресми дереккөздерден жүктеңіз.
- Лицензияланған операциялық жүйелерді және басқа да бағдарламалар мен қосымшаларды қолданыңыз.
Көпфакторлы аутентификациялауды қолданыңыз
- Көпфакторлы аутентификациялауды, яғни кіруге рұқсат беруді қадағалайтын тәсілді қолданып, қосымшалардың (электрондық пошта, әлеуметтік желі, банктік қосымшалар) барлық негізгі тіркеулік жазбаларының қорғанысын баптаңыз, осы тәсілде пайдаланушы өзінің кіруге рұқсатын растайтын кемінде екі реквизитін ұсынуы керек (мысалы, құпиясөзге қосымша СМС-тен кодты енгізу). Көпфакторлы аутентификациялаудың көпшілікке қолжетімді құралдары Google Authenticator, Authy және нұсқаулықтары ресми сайтта берілген басқа да бағдарламалар болып табылады.
Резервтік көшіру мен мәліметтерді шифрлеуді жасаңыз
- Мәліметтердің тұрақты резервтік көшірмесін жасап, оны ақпарат сақтаудың сыртқы тасымалдағыштарында (SDD, HDD қатты дискілерде және т.б.) сақтаңыз.
- Құпия мәліметтері бар барлық ақпарат тасымалдағыштардың, соның ішінде ноутбуктердің, планшеттердің, смартфондардың, салмалы дисктердің шифрленуін мүмкіндігіңізше қамтамасыз етіңіз. Шифрлеуді ең қарапайым құрылғы (ноутбук, дербес компьютер, смартфон) немесе арнайы бағдарламалық жасақтама (encryption) арқылы жасауға болады.
- Бөгде адамдарға жеке мәліметтеріңізді жария етпес үшін, дербес компьютерді немесе смартфонды жояр немесе сатар алдында құрылғының жадын тазартыңыз.
Әрдайым сақ болыңыз
- Күмән тудыратын сілтемелерді ашпаңыз.
- Браузердегі, бағдарламалардағы, операциялық желідегі және мобильді қосымшадағы қалқымалы терезеге және хабарламаларға мұқият назар аударыңыз. Осы терезелердің мазмұнымен таныспай, «ОК», «Мақұлдау» немесе «Қабылдау» батырмаларын баспаңыз.
- Қаржы және банктік қосымшалар мен сайттарды қолданған кезде ерекше сақ болыңыз – тек ресми дереккөзге жүгініңіз.